21:13, 26 Ақпан 2018 | GMT +5
Алматы облысында көлік апатынан екі адам мерт болып, бес адам зардап шекті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Алматы облысында көлік апатынан екі адам мерт болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін Алматы-Бішкек тас жолының 102 шақырымында, Жамбыл ауданының маңында болған апаттан зардап шеккен бес адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ал екі адам оқиға орнында көз жұмған. Аталған фактіні облыстық ІІД-і растады. Қазір осы қайғылы жағдайға байланысты іс қозғалып, тергеу жалғасуда.