Алматы облысында көлік ұрысы жол апатында қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облсында болған жол апатында көлікті айдап әкеткен жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Алматы облысында көлік ұрысы жол апатында қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 1-ші қарашада Жамбыл ауданындағы Алматы-Ұзынағаш-Бесмойнақ тасжолы бойында болған. Оқиға орнында 17 жастағы Қайназар ауылының тұрғыны мерт болған. Кейін анықталғандай көлікті тізгіндеген жасөспірім сол көлікті ұрлап кеткен болып шықты. Ал «Мазда-626» автокөлігі жоғалды деп 35 жастағы азаматша құзырлы органдарға шағым түсірген. Тексеру барысында марқұмның сол күні Ұзынағаш ауылынан «Мазда-323» көлігін ұрлағаны белгілі болды. Жамбыл аудандық ІІБ қызметкерлері екі көлікті айдап әкету фактісі, және кісі өлімі болған жол-көлік оқиғасы бойынша іс қозғап, тергеу амалдарын жалғастыруда.