Алматы облысында көлік жөндейтін орын өртенді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көлік жөндейтін екі қабатты ғимарат отқа оранып, қызыл жалынды өшіруге облыстың және Алматы қаласының өрт сөндірушілері жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында көлік жөндейтін орын өртенді

Оқиға Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылында болған. 1 қаңтар күні түнгі сағат 23:00 дер шамасында болған өрт 800 шаршы метр жерді шарпыған.
«Қызыл жалын 00:25 минутта ауыздықталып, 00:45 минутта толық сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің нәтижесінде жалын өзге ғимараттарды шарпымады. Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеді», -деп мәлім етті Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Өрт кезінде бекеттің ішінде 4 автокөлік болған.
Өртті сөндіруге Алматы облыстық ТЖД-ның 22 қызметкері мен 6 техникасы және Алматы қаласының 6 өрт сөндірушісі мен 2 техникасы жұмылдырылды. Ведомстваның мәліметінше, қазір өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын клемі анықталуда.