Алматы облысында көлікпен аударылған туристердің жағдайы белгілі болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы Текелі тауында жол апатына ұшыраған туристердің денсаулық жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Текелі қалалық ауруханасына дәрігерлердің көмегіне 4 адам жүгінген. Екеуінің жағдайы жеңіл. Ал тағы екі адам толықтай дәрігерлік тексерістен кейін үйлеріне жіберілді. Ауруханаға жеткізілген 4 туристі емдеу мекемесіне жатқызу қажеттілігі туындамады», - деп мәлім етті аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 12 турист мінген көлік аударылғаны жөнінде хабарлаған едік. Оқиға 3 маусым күні Текелі қаласының Черкасай шатқалында болған.