Алматы облысында көлікпен соқтығысқан жылқылар бөлшектеліп түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында жүйіткіген көлік жылқыларды соғып кетіп, жануарларды бөлшектеп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат patrul.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты Ақсай-Шонжы-Көлжат автожолының Ұйғыр ауданына жақын жерінде болды.
Audi A6 көлігі шығыс бағытта келе жатқан. Тасжолдың 61-шақырымында жүргізуші жол бойында тұрған жылқыларды байқамай қалған.
Соққының қатты болғаны соншалық жануарлар бөлшектерге бөлініп түскен. Көліктің алдыңғы бөлігі қатты майысқан.
Оқиға салдарынан үш адам зардап шекті: жүргізуші мен оның екі жолаушысы. Олар түрлі дене жарақаттарымен Шонжы ауылының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.