06:12, 06 Мамыр 2020 | GMT +5
Алматы облысында коммуналдық өтемақыға 170 мың адам өтініш берген
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коммуналдық қызмет шығындарының өтемін алуға 171 973 азамат тіркелген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 7,5 млрд.теңге бөлінді.
Ақша коммуналдық қызметтердің 138 түрі бойынша, яғни әрбір тұтынушыға 15 мың теңгеден беріледі.
Бүгінгі таңда Алматы облысының 5700 азаматы ZHETYSU.KOMEK109.KZ сайты арқылы өтініш берді.
« Күнделікті сайтқа түскен деректер сайттың операторы тарапынан түңгі сағат 24.00 ден кейін аудан, қала әкімдіктеріне жіберіледі.
Одан кейін жергілікті әкімдіктер қызмет көрсетушілермен бірге көмек алушылардың тізімін нақтылайды»,- деді Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Танекенов.
Естеріңізге сала кетейік, коммуналдық қызметтер бойынша шығындар карантин енгізілген елді мекендердің тұрғындарына екі ай ішінде өтелетін болады.