Алматы облысында көпірден көлге секірген жүк көлігінің жүргізушісі суға батып кетті

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Алматы облысына қарасты «Алматы-Өскемен» тас жолы бойында, Сасықкөл көліне шомылмақ болған «МАЗ» көлігінің 49 жастағы жүргізушісі көпірден суға секіріп, жағаға жүзіп жете алмады, деп хабарлады ҚР ТМЖ баспасөз қызметінен.

Алматы облысында көпірден көлге секірген жүк көлігінің жүргізушісі суға батып кетті

Ведомствоның атап өтуінше, аталған азаматтың денесі ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті судан құтқару қызметінің 4 маманы мен 1 техникасының күшімен іздестірілу үстінде.