Алматы облысында коронавирус диагнозымен анықталғанның бірі - жүкті әйел

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданының - 3, Кербұлақ ауданының 1986 жылы туған, жүктіліктің 23-24 аптасындағы 1 әйелдің коронавируспен ауырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында коронавирус диагнозымен анықталғанның бірі - жүкті әйел

Қазір барлық науқастар Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Олардың байланыста болған адамдары анықталуда.

Жалпы 16 сәуір күнгі жағдай бойынша Алматы облысында індетпен ауырғандар саны 29 адамға жетті. Оның 7-еуі жазылып шықты.