Алматы облысында коронавирус инфекциясынан екінші адам жазылып шықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Бүгін Қарасай ауданындағы Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасынан короновирус диагнозы бойынша ем қабылдаған адам толық емделіп шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында коронавирус инфекциясынан екінші адам жазылып шықты

1979 жылы туған әйел 27 наурыз күні ауруханаға түскен болатын. Хаттамаға сәйкес барлық ем-дом шараларын қабылдағаннан кейін, оған 13 сәуір күні екінші қайтара жасалған талдау нәтижесі теріс болып шықты.

Емделуші Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген. Пациент 6 адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында болды.

Еске салсақ, 14 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысында Covid19 инфекциясынан екі адам емделіп шықты. Олардың екеуі де - Қарасай ауданының тұрғындары.