22:07, 10 Мамыр 2020 | GMT +5
Алматы облысында коронавирустан айыққандар саны 70-ке жетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысында тағы 7 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, олар: Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары.
Барлығы 23 сәуірден бері Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасында тиісті ем қабылдаған. Қазір жағдайлары жақсы.
Жалпы Алматы облысында COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны 70-ке жетті.