23:22, 17 Мамыр 2020 | GMT +6
Алматы облысында коронавирустан жазылғандар саны 132 адамға жетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында тағы 6 адам коронавирустан жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде КВИ-ден жазылғандар қатарына тағы 6 адам қосылды. Олар Кеген және Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары. 1957, 1971, 1979, 1981, 1985 және 2018 жылы туған пациенттер 1 мамырдан бері Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасында ем қабылдаған. Қазір барлығы сырқаттарынан сауықты, денсаулықтары жақсы.
Жалпы, Алматы облысында коронавирусты 206 адам жұқтырды, оның 132-сі індеттен жазылып шықты.