Алматы облысында коронавирусты жұқтыру бір тәулікте 0,8% артты

Алматы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, облыста коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күнде тұрақты емес деп бағаланады. Өңір қызыл аймақта орналасқан. Эпидемиологиялық матрица бойынша Алакөл, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Сарқан аудандары, Текелі және Талдықорған қалалары «қызыл» аймақта, Іле, Қаратал, Жамбыл, Кербұлақ, Көксу, Ұйғыр және Ақсу аудандары «сары» аймақта, қалған қалалар мен аудандар «жасыл» аймақта орналасқан.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 300 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны – 0,8%. 266 симптомдық жағдайдың 246-ы науқастың ауруханаға өзі жүгінген кезінде, 20 жағдай науқаспен байланыста болғанда анықталды. Кәсіби тексеру кезінде 34 симптомсыз жағдай анықталды.
Коронавирус анықталған 300 жағдайдың 61-і – 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында – 14 және студенттер арасында 4 дерек тіркелді.
«Соңғы тәулікте облыс өңірлері арасында КВИ аурушаңдығы мынадай: Алакөл–21, Балқаш–12, Еңбекшіқазақ - 24, Ескелді–12, Жамбыл–21, Іле - 31, Қарасай – 20, Қаратал - 14, Кербұлақ - 13, Кеген - 5, Көксу - 9, Панфилов–25, Райымбек – 2, Сарқан – 7, Талғар–37, Ұйғыр–11, Қапшағай қаласы – 5, Талдықорған қаласы–19, Текелі – 12», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
2020 жылдың Наурыз айынан бастап коронавирустың зертханалық расталған 35 823 жағдайы тіркелді.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1676,0 құрады. 2020 жылдың басынан бері облыстық сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы Текелі қаласында 1281 жағдай, Талдықорған қаласында 7913, Көксу ауданында 1075, Қаратал ауданында 1433, Панфилов ауданында 2252, Ұйғыр ауданында 1263, Ескелді ауданында 965, Талғар ауданында 4440 анықталды.
Соңғы 2 апталық салыстыру кезінде індеттің өсу қарқыны бір деңгейде 0,9%. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл - 2,3% (125 жағдай), Балқаш - 1,4% (52 жағдай), Ескелді - 1,5% (94 жағдай), Қарасай - 1,5% (247 жағдай), Қаратал - 1,2% (118 жағдай), Кербұлақ - 1,7% (82 жағдай), Сарқан - 1,6% (50 жағдай), Кеген - 2,0% (23) аудандарында тіркелген.