Алматы облысында Көтен тәуіп кесенесі жанынан қонақ үй ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көтен тәуіп Қоңырбайұлының мавзолейіне зиярат етушілерге арналған қонақ үй тұрғызылды. Шараның салтанатты ашылуына Сарқан ауданына жұмыс сапарымен барған Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
None
None

Халық арасында Көтен тәуіп аталып кеткен Қойлыбай Қоңырбайұлы, өз заманында Абылай хан мен Бөгенбай батырдың жеке кеңесшісі болған және жарақат алған адамдарды емдеумен айналысқан. Оның атын ерекшелейтін тұсы ешкімнің ешқашан бетін қайтармай, кез-келген жағдайда қолынан келгенше көмек ұшын берген мықты емшілігі әрі көріпкелді болған деседі. Сондықтан оның Лепсі стансасынан 25 минут қашықтықта орналасқан мавзолейі ежелден сакралды орын саналып келеді. Емшінің рухына құлшылық жасап, дертіне шипа сұраушылар еліміздің түкпір-түпкірінен жиналады. Енді міне, жергілікті билік пен меценаттардың мүмкіншіліктерін бір арнаға тоғыстыруының арқасында келушілерге жайлы жағдай жасау мақсатында 50 орындық қонақ үй тұрғызылды.

null

«Өскелең ұрпақ үшін мұндай игі істер үлгі-өнеге болмақ. Мемлекет басшысы жаһандану заманында қоғамдық сананың рухани жаңғыруы туралы тектен-тек айтып қана қоймай, өзіміздің іс-әрекетімізбен, ой-санамызбен өзіміздің мәдениетіміз бен тарихи құндылықтарымызды сақтауға ерекше көзқараспен қарауымыз тиіс. Бұл бағытта біз үшін ел Президентінің бағдарламалық мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген бағыттарға жүгіне отырып, ауқымды жұмыстар атқаруымыз қажет», - деді Жақсылық Омар.

null

Мавзолей шырақшысы Талғатбек Кәріпжановтың айтуынша, мұражай мен мавзолейден құралған кешенге жылына 1500 адам келетін көрінеді

Соңғы жаңалықтар