Алматы облысында «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шаралары барысында іздеуде жүрген 10 қылмыскер ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Құқық тәртібі» іс-шарасының алғашқы күні іздестірілп жүрген 10 қылмыскер қолға түсті, бұрын жасалған 18 қылмыс ашылды.

«Іздеуде жүрген қылмыскерлердің арасында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары екі жылдан астам уақыт бойы іздеп жүрген есірткі сатушы ұсталды. Маңғыстау облысында алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған 40 жастағы ер адамның тұрғылықты жері анықталды, сондай-ақ Қарасай ауданының полицейлері ұстаған топтасып тонаушылықпен айналысқан қылмыскер де қамауға алынды», деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы тәуліктерде өңір полицейлері 1174 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, олардың 26-сы ұсақ бұзақылықтары, 59-ы қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішкені, 18-і елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзғаны, 44-і - белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін және басқалары жазаланды. 80-ге тарта қылмыс, соның ішінде 60-тан астам қылмыс «ізі суымай» ашылды.

«Рейд барысында Ескелді ауданының тұрғынынан тіркелмеген 16-калибрлі екі оқпанды мылтық тәркіленді. Жамбыл және Қарасай аудандарының екі тұрғыны есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті облыстық полициядан.

Полицейлер сондай-ақ бұрын жасалған 18 қылмыстың ашылғаны туралы рапорт берді, оның 1-уі - қарақшылық, 3-уі - алаяқтық, 1-уі - бұзақылық, 1-уі - қасақана денсаулыққа зиян келтіру және 12-сі ұрлық үшін істі болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram