Алматы облысында құлаған ұшақтың ішінде турист болған - дəрігер

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Балқаш ауданында құлаған ұшақтың ішінде туристер болған. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне аудандық аурухананың бас дəрігері мəлім етті.

Ринат Мұратбаевтың айтуынша, жарақат алған екінші адамның бір аяғы сынған.

«Бірақ жарақаттанған азамат аудандық аурухананың көмегіне жүгінбеді. Оған өзінің жеке дəрігерлері алғашқы көмекті көрсеткен. Науқасқа жеке ұшақ шақыртылып, оны жедел түрде Алматыға алып кеткен», - деді аудандық аурухананың бас дəрігері.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат он бір шамасында Жиделі ауылдық округінің маңына ұшақ құлап, бір адам мерт болды. Екі кісілік əуе кемесіндегі екінші адам аурухана жеткізілген.
Аталмыш оқиға бойынша ҚР ИДМ Көлік апаты мен оқиғасын тексеру жөніндегі департаменті тексеру жүргізеді .

Соңғы жаңалықтар