Алматы облысында құрылыс қоқыстары үйіндісінің астында қалып қойған азаматтың денесі табылды
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Алматы облысында құрылыс қоқыстары үйіндісінің астында қалып қойған азаматтың денесі бір тәуліктен кейін табылды.
Бұған дейін хабарланғандай, өткен жұма, сәуірдің 16-сы күні сағат 18.30-да Қарасай ауданы Абай ауылында орналасқан «Меркур Пром» ЖШС-ның карьерінде құрылыс қоқыстарының үйіндісі, сол маңда түрлі-түсті металдарды жинап жүрген 1991 жылы туған азаматтың үстіне құлап түсіп, оны басып қалды.
ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, зардап шегуші Өзбекстан Республикасының азаматы және ол тоқтап тұрған аталмыш кәсіпорынның аумағында өз еркімен жүрген.
ТЖМ Республикалық шұғыл-құтқару жасағы Мемлекеттік мекемесінің 15 адамы, 3 техникасы мен кинологиялық қызметтері, азаматтың денесін сәуірдің 17-сі күні кешқұрым тауып, қирандылардың астынан шығарды.