09:39, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Алматы облысында құрылыс заттары базары өртенді
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданында құрылыс базарында өрт болды, тілсіз жау 150 шаршы мерт аумақты жайпады.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сағат 13.45-те тұтанған өрт толығымен бір сағаттан кейін ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 13 маманы мен 4 техникасы тартылды.