Алматы облысында құс фабрикасының жұмысы тоқтап тұр
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Қазақстандағы ең үлкен құс фабрикасының жұмысы тоқтап тұр.
Салдарынан 1400 адам жұмыссыз қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Нысан Ұйғыр ауданында орналасқан. Жұмыссыз қалған мыңнан астам адамның бірі Татьяна Колмагорованың ақы төленбейтін еңбек демалысына шыққанына 3 жылға жуықтаған. Тәулігіне 7-8 тонна құс етін өндіріп келген кәсіпорынға мемлекет тарапынан жақсы қолдау да көрсетілді. Жұмыртқа мен құс етіне жылына 1 млрд теңгеге дейін субсидия алып отырды. Алайда, Кеден одағы құрамындағы Ресей мен Беларусьтың арзан өнімімен бәсекелесе алмады.
«Бүгінгі күні аздаған жаңғыртуды талап етеді. Сол жұмыстарды бастауға 2-3 инвестор қарастырылып отыр», - дейді Ұйғыр ауданының әкімі Әлімжан Тоқтасынов.
Әкімнің айтуынша, инвесторлар келіссе зауытты 2017 жылы іске қосуға мүмкін болады.