Алматы облысында құсбегілер сайысы өтуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат Республикалық «Қыран» федерацииясына сілтеме жасап.
Турнирді «Қыран» федерациясы» қоғамдық қоры, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Kcell компаниясының қолдауымен өткізуде. Турнирге Жамбыл, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарынан құсбегілер қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар бүркітпен аң алудан сайысқа түседі. Турнир ат бәйгесімен аяқталмақ. Әбен Тоқтасынов он жыл бұрын елімізде ең алғаш өткен құсбегілер сайысының алғашқы ұйымдастырушыларының бірі, ең танымал бүркітшілердің бірі болатын.
«Қыран» федерациясы өкілдерінің хабарлауынша, алдағы уақытта ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы Қазақстандағы құсбегілік проблемаларын насихаттауға арналған БАҚ өкілдерінің конкурсын өткізеді.Оның қорытындысы келесі жылғы құсбегілер сайысында шығарылады.