Алматы облысында күші 4 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында күші 4 балдық жер сілкінісі болды. Зілзаланы ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік шығыста 401 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,0, магнитудасы MPV 4.0. Тереңдігі 10 км. Зілзаланың сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.