Алматы облысында КВИ анықталған алты кісі 42 адаммен байланыста болған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында 6 тұрғын COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы да бұған дейін сырқаттанған науқаспен байланыста болғандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында КВИ анықталған алты кісі 42 адаммен байланыста болған

Олар - 1992, 1983, 1984, 1985, 1984 және 1975 жылы туған азаматтар. Олармен 42 адам байланыста болған. Олар оқшауландырылып, індет ошақтарына дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасуда.

6 науқас Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Жалпы, Алматы облысында індет жұқтырғандар саны -156-ға, ал жазылып шыққандар саны – 30 ге жетті.