Алматы облысында КВИ жұқтырған 143 жүкті әйел ауруханада жатыр

Алматы обылысы денсалық сақтау басқарма басшысының орынбасары Арман Жансеңгіров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай ақпарат берді.
«Бүгінгі дерек бойынша, коронавируспен аурудың 47 082 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 665 жүкті әйел бар. 143 жүкті әйел стационарлық ем алып жатыр. Үй карантинінде 49 болашақ ана бар», - деді басқарма өкілі.
Сондай-ақ, брифингіде өңірдің бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов вакцина алған тұрғындардың вирус жұқтыру көрсеткішін атады.
«Алматы облысында бірінші компонентті вакцинаның 773 155 дозасы, екінші компоненттің 716 150 дозасы жеткізілген. Қазір Алматы облысында вакцина алғаннан кейін COVID-19 індетімен ауырған 803 адам тіркелген. Бұл жалпы науқастанғандардың 0,1 пайызы деген сөз. Ауырғандардың негізгі бөлігі - вакцина алмағандар екенін өздеріңіз де білесіздер», - деді Ерғали Сыдыманов.