Алматы облысында қыс басталғалы 6 адам суға батып кетті

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - 2022-2023 жылғы қысқы маусымда 6 адам суға кеткен. Оның үшеуі мұзға батқан көліктің ішінде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысының ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 қаңтарда Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қапшағай су қоймасында профилактикалық жұмыс кезінде мұзда жеке автокөлігі бар әуесқой балықшыларға сақтық және қауіпсіздік шараларын таныстырған.

Алайда департамент қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, Мерседес Спринтер маркалы көлік мұз астына түсіп кетті. Құтқарушылар жүргізушіні аман алып қалды.

31 қаңтарда Қапшағай су қоймасында Субару маркалы автокөлік мұз астына түсіп кетті. Бұл жолы да адам шығыны болған жоқ.

Аталған автокөлік иелеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Алматы облысы ТЖД су айдынында жазатайым оқиғаның алдын алу мақсатында автокөлікпен мұзға шықпау керектігін ескертеді.

Фото: instagram.com/almatyobl_tjd

Соңғы жаңалықтар
telegram