Алматы облысында қысқа мерзімді жаңбыр сулары тасқыны болуы мүмкін

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде циклонның және оның әсерінен болатын атмосфералық ағындардың ықпалымен солтүстік аудандарда кейбір жерлерде нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді.
None
None

Республиканың батысында күн ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе. Қызылорда. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар облысында бірқатар жерлерде желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында - бірқатар жерлерде желдің екпіні 17-22 м/с болып, 25 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысында желдің екпіні 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі .

Қазақстанның оңтүстгінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстік-батысында және орталығында кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақтаады.

Таяудағы тәуліктерде Алматы облысының аласа таулы өзендерінде нөсер жаңбырдың салдарынан су деңгейі көтерілуі, қысқа мерзімді жаңбыр сулары тасқыны пайда болуы мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылады.

Соңғы жаңалықтар