Алматы облысында лай көшкіні салдарынан екіқабатты үй құлады
АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Монтажник» бау-бақша қоғамында кеше, тамыздың 21-і күні сағат 17.40-та төтенше оқиға орын алды.Су құбырынан аққан судың топыраққа сіңуінің салдарынан лай көшкіні болды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Осының нәтижесінде екіқабатты тұрғын үй зардап шеккен. Оқиға кезінде үйде 4 адам болған, олардың екеуі құтқарылды. Қалған екі адам - 62 жастағы әйел мен 22 жастағы жігіт, алдын-ала мәліметтер бойынша, үйінді мен лайдың астында қалып қойған. Көшкін лайдың көлемі шамамен 200 текшеметрді құрайды.
Тамыздың 22-сі сағат 03.58-дегі жағдай бойынша, әйелдің денесі табылды. Екінші адамның денесі әлі іздестірілуде.