22:46, 03 Желтоқсан 2022 | GMT +6
Алматы облысында «Lexus» көлігі қағып кеткен 5 оқушының біреуі қайтыс болды
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Лексус» көлігі қағып кеткен оқушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 25 қазан күні 5 бала жолдан өтіп бара жатқанда оларды Lexus көлігі қағып кеткен еді.
«Өкінішке қарай, дәрігерлердің көрсеткен медициналық көмегіне қарамастан 10 жасар ұл бала алған жарақатының салдарынан көз жұмды»,- делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қалған 3 оқушы травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр. Тағы бір балаға ауыр зақым келмегендіктен ол ауруханаға жатқызылмаған.
Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Айта кету керек, балалар жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған жерден кесіп өтпек болған.