Алматы облысында мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызы тестілеуден өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында Б корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің 30 пайызы тестілеуден өтті. Жалпы сынақ тапсыратын қызметкерлер саны 5700-ден асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазір олар психоэмоцианалды сұрақтарға жауап беруде. Арнайы жабдықталған залда күніне 200-ге жуық мемлекеттік қызметші тапсырып үлгереді. Олардың 10 пайызының жауабы «өте жақсы» деген баға алса, 80 пайыздан астамы «тиімді» деген көрсеткіш көрсетуде. Ал 7 пайыз қызметші «қанағаттанарлық» деген деңгейде қалып отыр. Жалпы бұл сынақ әр тұлғаның кәсіби біліктілігін бағалап, қызметтік баспалдақ бойынша өсуіне мүмкіндік береді.

"Бойындағы кәсіптік деңгейінің қандай екенін біледі. Және соған байланысты болашақта қай деңгейін жоғарлатып, биіктетіп, оқып, біліп алуға уақыт беріп отырмыз. Соған талап қойып отырмыз. Және сол бағытта сұрау да болады", - дейді ҚР Мемлекеттік Қызмет Істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев.

 Арнайы тестілеу  мамандандырылған ХҚКО (автоцон) ғимаратында өтіп жатыр. Аталған аттестаттау жұмыстары 2017 жылдың І жартыжылдығында толығымен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар