Алматы облысында мереке қарсаңында 100 жаңа нысан ашылады

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 100 жаңа нысан ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында мереке қарсаңында 100 жаңа нысан ашылады

Мерекелерге тарту ретінде мектептер, балабақшалар, тұрғын үйлер, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандары, учаскелік инспекторлардың тұрғын үйімен бірлесіп салынған полиция тірек пункттері және басқа да жаңа нысандар ел игілігіне берілетін болады.

Тұңғыш Президент күніне орай 35 әлеуметтік нысан ашылса, қалған объектілер еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында есігін айқара ашатын болады.