18:21, 26 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Алматы облысында мерекелеу кезінде шырша өртеніп кетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында шырша шара барысында отқа оранды. Оқиға Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев бұл жайтты растады.
«Оқиға Сарыөзек орта мектебінде болған. Бүгін сағат 15:30 шамасында жасанды шырша электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өртенген. 35 адам құтқарушылар келгенге дейін далаға шығарылған және қызыл жалын төтеншеліктер жеткенде өшіп қалған», деп мәлім етті А.Жұртбаев.
Сондай-ақ баспасөз қызметінің айтуынша, мектептің спорт залына ешқандай зақым келмеген. Зардап шеккендер жоқ.