11:14, 15 Мамыр 2019 | GMT +5
Алматы облысында минус 3 градусқа дейін күн суытады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 15-17 мамыр аралығында Алматы облысында -3 °С-қа дейін күн суытуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы тәуліктерде аймақта күн суытады.
«Алдағы үш тәулікте солтүстік облыстарында, күндіз орталықта жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Шамамен 30 градустық ыстықтан кейін, күндізгі ауа температурасы 17-22 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің шығысында алдағы түнде жаңбырдың соңы қарға ұласып, 0-5 градус күн суытады. Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді», - делген синоптиктердің болжамында.