Алматы облысында мол қарға шыдас бермеген музыкалық мектептің шатыры құлады

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - 13 қаңтар күні сағат 08.30-да Алматы облысы Талғар ауданының Панфиловка ауылында қардың ауырлығынан балалар музыкалық мектебінің ғимараты опырылып құлады.

Алматы облысында мол қарға шыдас бермеген музыкалық мектептің шатыры құлады

Оның аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.