12:29, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматы облысында негізгі капиталға салынған инвестиция 13,4 пайызға артты
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат/Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар, толық бағалауды ескергенде, 174,5 миллиард теңгені құрады, бұл салыстыру бағалары бойынша, 2007 жылғы көрсеткіштен 13,4 пайызға жоғары және республикалық көрсеткіштің 4,5 пайызын құрайды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облыстық статистика басқармасынан хабарлағанындай, технологиялық құрылымда құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялар негізгі капиталға салынып отырған жалпы инвестицияның 71 пайызын құрайды. Ал машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын, аспаптар мен құралдар алумен байланысты шығындар ? 25 пайызды, басқа күрделі жөндеулер мен шығыстар ? 3,9 пайызды құрап отыр.