Алматы облысында облыстық ведомстволарға жаңа басшылар тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың өкімімен облыстық ведомстволарға жаға басшылар тағайындалды. Атап айтқанда, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бастығы болып - Қобылан Манапов, еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бастық болып - Ұмсын Балабиева тағайындалды.

Алматы  облысында   облыстық  ведомстволарға  жаңа басшылар  тағайындалды

Жолаушылар көлігі басқармасының бұрынғы басшысы Бекежан Мамжанов жұмыстан өз еркімен босатылса, ал еңбекпен қамту басқармасының бұрынғы басшысы Қалыбек Алдабергенов пара алды деген айыппен тергеуде отыр.