Алматы облысында обсерватория қызметкері қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында обсерватория қызметкері қайтыс болды. Қайғылы жағдай Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген шатқалында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында обсерватория қызметкері қаза тапты

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілінің мәлімдеуінше, оқиға 16 сәуір күні сағат 14:00 шамасында болған. Асы жайлауында орналасқан обсерватория мамандары үйлеріне қайтып келе жатқан кезде қарда жүретін арнайы көлік аударылған.

Салдарынан бір адам қаза болды. 1962 жылғы азаматша 15 күндік жұмысын аяқтап, Түрген ауылына бағыт алған. Кей ақпарат көздерінде обсерватория қызметкері қар көшкіні  жүру салдарынан мерт болғаны айтылған. Бірақ, бұл ақпаратты ТЖД қызметкерлері жоққа шығарды. Өйткені қар көшкіні оқиға болған орыннан шамамен 5 шақырым жерде жүрді, дейді мамандар.