Алматы облысында ондатр аулаған браконьерлер құрықталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында браконьерлер 60-тан астам ондатрмен ұсталды. Іле ауданы, Қарой ауылының 2 тұрғыны көрші Балқаш ауданында ондатр аулап жүрген кезінде қолға түсті деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Күдіктілерді Балқаш аудандық ІІБ қызмекерлері табиғат қорғаушылармен бірге Мұсай деген жерде рейд кезінде құрықтаған. Олардан сол сәтте 64 ондатр өлексесі мен бірнеше қақпан тәркіленді.
Құқықбұзушылар мемлекеттке 726 мың теңге залал келтірген. Тінту кезінде олар ондатр аулауға, елтірісін дайындауға рұқсат беретін құжаттарын көрсете алмады.
Қазіргі таңда екі күдіктіге ҚР ҚК 337 бабына сәйкес «заңсыз аң аулау» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.