Алматы облысында өрттерде 2 адам мерт болды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында өрттерде 2 адам көз жұмды.
None
None

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 4 желтоқсан күні түнгі сағат 4 жарымда Көксу ауданының Теректі ауылында жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалынды сөндіру барысында 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Іле ауданында, 4 желтоқсан күні, сағат 06.20-да «Жер-ана» бағбандық алқабында орналасқан саяжай үйінде өрт болды. Тілсіз жаумен күреске Алматы облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар өрт орнында 64 жастағы ер адамның мәйітін тапты.

Соңғы жаңалықтар