Алматы облысында өртті қасақана қойған ер адам ұсталды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Полиция департаменті өртті қасақана қойған ер адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

Алматы облысында  өртті қасақана қойған ер адам ұсталды

Оқиға 6 қыркүйекте Жамбыл ауданы Еңбекшіарал кентінің маңында болған.

«Ағаштарды өртеп жіберген ер адам анықталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Айта кету керек, жауап алу кезінде ұсталған адам өз әрекеттерін түсіндіре алмады, өйткені өртеу кезінде ол мас болған. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда ағаштарды өртеген тағы бір ер адам ұсталды.