Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында өтетін «Қазқұтқару-2015» жиынына бірқатар елдердің құтқарушылары қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 18-28 мамыр күндері «Тасты қала - Астана» оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару-2015» құтқару бөлімшелерінің мерейтойлық жиырмасыншы халықаралық жиын-семинары өтеді, деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Алматы облысында өтетін «Қазқұтқару-2015» жиынына бірқатар елдердің құтқарушылары қатысады

Аталған шараның басты мақсаты - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің құтқару бөлімшелерінің шетелдік мемлекеттердің құтқарушыларымен өзара әрекеттесуі арқылы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру.

Осылайша, еліміздің аймақтарынан келетін командалардан басқа, «Қазқұтқару-2015» жиынына Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің құтқарушылар командалары да қатысады. Сондай-ақ жиында Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келген жас құтқарушылардың төрт командасының өздерінің күш-жігерлерін таныту мүмкіндігі пайда болды. Жиын-семинардың барысында құтқарушылар көпсайысы бойынша халықаралық жарыстар, құтқарушылардың көпсайысы мен әскери үшсайыс бойынша ашық қазақстандық жарыстар, кинологиялық жарыстар, жас құтқарушылар командаларының арасында құтқарушылар көпсайысынан жарыстар өткізіледі.