Алматы облысында отынға арналған ағаштар отырғызылуда
ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Серік Үмбетовтың аралаған келесі нысаны Алакөл орман шаруашылығының тәлімбағы болды, оның аумағы 48 гектар.
Бүгінгі таңда бұл жерде қылқан жапырақтылар мен ағаштың басқа да 17 түрі өсіріледі. Екпе ағаштардың саны бір миллион түптен асады.
Орман шаруашылығының басты мақтанышы - орманшылар арамен кесілген материалдар мен отын ретінде пайдаланамыз деп отырған жылдам өсетін ағаш плантациясы. Бұл жерге тәлімбақ бес жыл бұрын отырғызылған.
Облыс әкімінің сапары «Атамекен» шаруа қожалығының плантациясын аралаумен аяқталды.