Алматы облысында ойнап жүрген бір үйдің екі баласы суға кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Балқаш ауданында 4 жастағы бір үйдің екі баласы ойнап жүрген жерінде суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Алматы облысында ойнап жүрген бір үйдің екі баласы суға кетті

«13 мамырда сағат 16:00-де Балқаш ауданының Бақбақты ауылының шетінде үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген бір отбасының 2014 жылғы екі баласы байқаусызда арнаға құлап, суға кетті», - делінген ТЖК хабарламасында.