12:15, 10 Қараша 2017 | GMT +5
Алматы облысында өзеннен ер адамның мәйіті табылды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында өзеннен ер адамның мәйіті табылды. Мүрдені жергілікті тұрғындар тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаскөй ер адамды жауыздықпен өлтірген. Арнайы сараптама барысында жеті жерінен пышақ салғаны анықталды. Талғар өзенінен табылған адам Балқаш ауданының тұрғыны екен. Қазір осы қандықол қылмысты жасады деген күдікпен 39 жастағы Қаратал ауданының тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.
«Күдікті ер адаммен ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып қалған. Ақыры тіл табыса алмаған азамат жанындағы танысын өлтіріп тынған. Күдікті азамат бұған дейін де жауапкершілікке тартылған. Қазір қанды оқиғаның толыққанды мән-жайы анықталуда», деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Осы оқиғаға байланысты қазір ҚР ҚК 99 бабы яғни, «Адам өлтіру» фактісі бойынша тергеу жалғасуда. Іспен Талғар аудандық ІІБ айналысуда.