Алматы облысында пара алған кәсіпкер айыппұл төлейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай аудандық соты кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру мақсатымен, салық органдарында тіркелусіз лауазымды тұлғаға жалпы қамқорлығы үшін пара берген жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Алматы облысында пара алған  кәсіпкер айыппұл төлейтін болды

Сотта ер адам жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындады. Сот үкімі бойынша кәсіпкер ҚР ҚК-нің 367-бабы бойныша айыпты деп танылып, оған параның жиырма еселенген сомасын - 100 000 теңгені құрайтын айыппұл төлеу түріндегі жаза берілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.