Алматы облысында полицей әріптесіне оқ атты: Бірқатар лауазымды тұлға жауапқа тартылды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат- Алматы облысында полиция қызметкері жанжал кезінде әріптесіне оқ атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында полицей әріптесіне оқ атты: Бірқатар лауазымды тұлға жауапқа тартылды

«27 сәуірде түн ортасында Райымбек ауданында екі полицей арасында жанжал шыққан. Салдарынан олардың бірі ауыр жарақатпен Нарынқол аулындағы ауруханаға жатқызылды»,- деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу бастады.

«Сонымен қатар жедел қызметтегі кемшіліктер және жеке құрамға бақылауды әлсіреткені үшін сыртқы қызметтердің жұмысын қадағалайтын аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды», -деп атап етті Полиция департаментінің бастығы.

Әріптестер арасындағы жанжал кезінде сол жерде болған қызметкерлер де жұмыстан шығарылып, бірқатар лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық.