Алматы облысында полицейлер марафоны өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық полицияның 25 жылдығы қарсаңында Алматы облысы Ішкі істер органдарының қызметкерлері марафон ұйымдастырды, деп хабарлады өңірдің ІІД баспасөз қызметінен.

Алматы облысында полицейлер марафоны өтті

null
600-ге жуық полицей 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

«Бұл шара қазақстандық полицияның 25 жылдығына арналды. Оған әр жастағы қызметкерлер қатысты. Олар жарыс барысында ерік-жігерлерін көрсетіп, төзімділік танытты.

Мұның барлығы полицейлердің дайындық деңгейінің көрсеткіші. Полиция қызметкерінің   денесінің шымыр болғаны маңызды», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары Бейбіт Келгенбаев.
null 

Марафон қорытындысы бойынша ер адамдар арасында ІІД жедел ден қою арнайы жасағының қызметкерлері жүйрік болып шықты, олар 1, 2 және 3 орындарды иеленді. Мәре қашықтығын бірінші боп еңсерген Тілеулес Тоқтабаев, екінші Нұржан Батқалбеков, үшінші болып Бекжан Бекетаев жетті.

Әйелдер арасында жүйріктер: Ескелді АІІБ қызметкері Мәншүк Ниязова, екінші Алакөл АІІБ өкілі Құндыз Нұрсұлтан, үшінші орын Еңбекшіқазақ АІІБ қызметкері Гүлназ Сұлтанай болды.
null