Алматы облысында полиция бес күн бұрын жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облыстық полицейлерінің ұйымдастырған іс-шаралары барысында Іле ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы бойжеткен табылды. 

Алматы облысында полиция бес күн бұрын жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды тапты

«Іле АІІБ-ге Междуречинск ауылында тұратын, із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың ата-анасы келді. Алты күн бойы жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасты. Қыз көрші Қарасай ауданының аумағынан табылған. Оның айтуынша, бойжеткен өзінің құрбысының үйінде қонақта болған. Қазір ол ата-анасының үйіне қайтарылды», - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицейлердің ақпараты бойынша, бойжеткен 12 шілде күні ата-анасымен ұрысып, үйінен шығып кеткен. Қазіргі таңда бойжеткен мен оның ата-анасымен қажетті профилактикалық әңгіме жүргізілді.