17:31, 02 Мамыр 2017 | GMT +5
Алматы облысында полиция қызметкері өзін-өзі атып өлтірді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полиция қызметкері өзін-өзі атып тастады. Қайғылы жағдай Алакөл ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша, оқиға сенбі күні Алакөл ауданында орын алған. Қазір қайғылы жағдайдың нақты болған жері нақтылануда.
«Полиция қызметкерінің мәйіті табылған жайт бойынша ҚР ҚК 105 бабы 1 тармағына сәйкес (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сот медициналық сараптама тағайындалған», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Қайтыс болған азамат 1993 жылы туған.