Алматы облысында республикалық маңызы бар тасжол жабылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«7 маусым сағат 9:00-ден бастап жарылыс жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (45-86 шақырым) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық»,- деп хабарлады Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Осыған байланысты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілерінен аталған бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Ауа райына байланысты ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуға болады.


Соңғы жаңалықтар