Алматы облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында республикалық маңызы бар жол жабылды. Алтын-Емел асуы маңында қатты жел соғып, жол көрінбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгін сағат 11:30 да «Сарыөзек-Көктал» тас жолының  45-65 шақырым аралығында жол жабылды. Алтын-Емел асуының маңы  бұрқасыннан жол көрінбейді. Табиғаттың қолайсыздығына байланысты  жолаушылар осы бағыт бойынша сапарларын кейінге шегерсе деп сұраймыз», - деп жарияланған облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

null 

Айта кету керек, желтоқсанның 26-нан 27-не қараған түні Талдықорғанда да екпіні күшті жел соқты. Ағаштар сынып, екі жерде  электр сымдары үзілген. Кейін қала әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс үйлерге жарық қосылғанын мәлім етті.

null 

Соңғы жаңалықтар