19:26, 22 Қаңтар 2020 | GMT +5
Алматы облысында республикалық жол жабылды
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - «Алматы-Өскемен» тас жолының 558-615 шақырымында жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, республикалық маңызға ие трассаның аталған шақырымында сағат 18:45 шамасында барлық көлік түрлерінің жүруіне тыйым салынған.
Алматы облысы мен ШҚО-ның шекара аймағында қатты боран соғып, жол мүлдем көрінбейді.