Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, адасып қалған әйелді түнімен іздеген

None
Фото: t.me/qr_tjm
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы Тасмұрын асуы тұсында саңырауқұлақ теруге шыққан әйел адасып қалған. Құтқарушылар оны таңға жуық тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігі сайтына сілтеме жасап.

15 сәуір сағат 20:30-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Балқаш ауданы Тасмұрын асуы маңындағы Малайсары ауылының маңында, таулы жерде 1962 жылғы әйел жоғалып кеткені туралы хабарлама түседі. Ол күндіз туыстарымен бірге саңырауқұлақ теруге келген (1 ер адам, 2 әйел, 2 ит). Адасып кеткен әйел көлікке қарай кері қайтатын жолды таба алмай қалған.

16 сәуір сағат 6.50-де іздестіру тобы жоғалған адамды тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы, Республикалық-жедел-құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 2 техника және 1 кинологиялық есеп, Полиция департаментінен 8 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

ТЖМ құтқарушылары тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:

- дене даярлығын есептеңіз

- құтқару қызметтерінің ұсыныстарын ескеріңіз: ауа райы, көшкін қаупі

- өзіңізге қажетті заттарды ала жүріңіз: пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңке, су, қосымша жылы киім-кешек, GPS навигаторы.

Егер сізге көмек қажет болса, 112 немесе 8 (727) 372-15-60 (ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.


Соңғы жаңалықтар
telegram